Елімізде экстремизм мен терроризмге қарсы іс-шаралар легі жетерлік. Арнайы қабылданған мемлекеттік бағдарлама да бар. Алайда, бұл дерттің құрбанына айналатын жастар көбінесе діни сауатсыздық кесірінен адасатыны белгілі. Осы тұрғыда ШҚМТУ студенттеріне құзырлы мамандардан дұрыс ақпарат берілуін, ашық қарым-қатынас болуын назарда ұстап келеміз. Міне, бір апта бойы облыстық Дін істері жөніндегі басқарма мамандары біздің студенттермен кездесіп, көкейдегі сұрақтарына жауап берді. Әрине, біз жастарға дінге қатысты насихат та, тыйым да жасамаймыз. Бірақ, дінге бет бұруды қалаған жастар өз шешімін білімділік пен сауаттылық негізінде қабылдауына мүмкіндік жасау – парызымыз.