2018 жылдың 3-9 маусым аралығында Шығыс Қазақстан аймағы делегациясы Ресей Федерациясының Алтай өлкесінің "Сібір қоналқалық үйі" туристік-сауықтыру кешені аумағындағы «Алтай. Даму ошақтары» Халықаралық Жастар Форумына қатысты. 4 бағытағы 26 алаңда қйымдастырылған форумға 28 елден және 50 ресейлік өңірлерінен келген 2500 адам жиналды.

ШҚО делегациясы «Үлкен Алтай мектебінің жас ғалымдары» («Менеджмент» бағыты) алаңында жұмыс істеді. Ұлы Алтай жоғарғы оқу орындары ректорлары Кеңесіне мүшелік ететін біздің университет басшылығының қолдауымен Шығыс Қазақстан облысының делегациясының басым бөлігін ШҚМТУ студенттері құрады.

Аталған алаң қызметінің бәр бөлігі ретінде Ұлы Алтай Жас ғалымдарының 7-ші бірлескен халықаралық жазғы мектебі өтті ( "Алтай - біздің ортақ үйіміз" атты Алтай өңірі студенттерінің 16-ші Халықаралық жазғы мектебі және "Алтай - біздің ортақ үйіміз" Халықаралық Үйлестіру Кеңесінің қолдауымен өткен Алтай өңірінің жас ғалымдарының 7-ші Халықаралық жазғы мектебі).

Қазақстан, Қытай, Моңғолия және Ресей шекаралық облыстарының жас ғалымдары «Ұлы Алтай облысында трансшекаралық әріптестік: экономика, экология, тарих, мәдениет» тақырыбндағы халықаралық сарапшылар қызметкерлері өткізген дәрістерге, семинарлар мен шеберлік сағаттарына қатысты.

Студенттеріміз Қуанғанова Ардана, Есіркегенова Дана («Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы, 17 ВРК-1), Мәлік Жанәділ (Металлургия, 17 МТ-1а), СапарбековЖанболат («Кәсіптік оқыту», 15 ПОк-1) АхметкалиевАлмас, НуралыевЕрнар («Көліктік құрылыс», 17 TРк-1) Санжар Төлеухан («Құрылыс», 17 CCК-1) өз тәжірибелерінде алғашқы рет халықаралық деңгейде баяндамалары мен жобаларын таныстыру құрметіне ие болды.

Жас ғалымдардың баяндамалары өз мамандықтарына байланысты дайындалынды. Аталмыш форумға қатысу - студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге серпін бергені сөзсіз.

Форумғы сарапшы ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі, ШҚО мәслихатының экс-хатшысы Ахаев Василий Иванович қатысты. Ол форумда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен біздің елімізде жүзеге асырылып жатқан 5 әлеуметтік жобалардың бірегей тәжірибесі туралы баяндама жасады.

Делегацияның жетекшісі, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының доценті, РФ мен ҚР техника ғылымдарының кандидаты К.С. Қалиева алаң сарапшысы міндетін атқарып, мәдениетаралық қарым-қатынас бойынша семинар-тренинг өткізі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жайында баяндама жасады.

Жас ғалымдар шығармашылық іс-шараларға қатысуда да белсенділік танытты: қабырға газеттерінің байқауы, алаң туын дайындау, флешмоб және басқаларды.

Қуанғанова Ардана және Есіркегенова Дана шет елдік мемлекеттерді таныстыру шарасына арналған іс-шараға қатысты. Олар қазақ тілінде ән орындады. Қатысушыларға арналған ұлттық киімдерді Университеттің Жастар ісі бөлімі ұсынды.
Форумның соңында қатысушылар қатысуды растайтын 2 сертификат, және сарапшылар - іс-шараны ұйымдастырудағы зор жеке үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.