8 маусым күні Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың мәжіліс залында «Университет қызметкерлерін басқаруды ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбында таныстыру шарасы өткізілді. Аталмыш іс-шараға университет оқытушылары мен қызметкерлер қатысты.
Кездесу барысында жұмысқа қабылдау, ауыстыру, еңбек шарттарын тоқтату, іс-сапарлар және т.б. мәселелер қаралды.

Қатысушылар қызықтыратын сұрақтар қойып, сәйкесінше толыққанды жауап алды.

Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі