Жаңа Erasmus + KA 107 жобасының аясында Вроцлав университеті Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ-ды  серіктестер қатарына қосты. Университет өкілдері Erasmus + есебінен білім алу  және оқытушылық тәжірибе беруді ұсынады. Аталмыш сапарлан 2019 жылдың шілде айының соңына дейін аяқталуы тиіс. Бағдарламаға қабылдау 16 наурызға дейін жүргізіледі.

Айта өту керек, Erasmus + – 2014-2020 жылдарға арналған Еуропалық Одақтың жобаларды, ынтымақтастықты, білім беру, тренинг, спорт және жастар саясаты саласындағы академиялық ұтқырлықты қолдауға бағытталған жаңа бағдарлама болып табылады.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі