2021 жылдың 9 наурызынан бастап екінші (4 жылдық оқумен) және ТжКО негізіндегі бірінші (колледжден кейінгі) курс студенттері үшін  Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ әскери кафедрасына оқуға қабылдау (құжат қабылдау) басталады.

Оқу запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша ақылы негізде жүргізіледі. Оқу мерзімі 1 жыл. Оқу ақысы 237 500 теңгені құрайды.

Әскери кафедраға қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізімі:

  • Өтініш.
  • Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі).
  • Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы және көшірмесі).
  • Көлемі 3х4 см 2 фотосурет.
  • Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама.
  • Спорттық жетістіктерді (бар болған кезде) растайтын құжат.
  • Студенттің ЖЖООКБ-да нақты оқитыны туралы факультет деканы қол қойған анықтама. 

Әскери кафедра мекен-жайы: Әміре Қашаубаев көшесі (бұрынғы Дзержинский) 7/2, №17 каб.

Анықтама телефондары: 8 (7232) 765-751.