Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мемлекеттік университеттер арасында түлектерді жұмысқа орналастыру бағытында 1-ші орында. Студенттердің жұмысқа орналасу үлесі 94%.

"Атамекен" ҰКП Қазақстандағы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингін жариялады. "Атамекен-2024" рейтингінде 29 білім бағдарламасы ұсынылды. Еліміздегі үздік ТОП-3-ке 12 білім беру бағдарламасы енді (41,4%), ТОП-5 үздіктерінің қатарына 16 білім беру бағдарламасы кірді (55,2%). 2022 жылмен салыстырғанда Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ білім беру бағдарламаларының рейтингтегі үлесі ТОП-5-те 52%-дан 55,2%-ға, ТОП-3-те 36%-дан 41,4%-ға өсті.

Жалпы, «Атамекен» ҰКП рейтингінің нәтижелері университеттің сұранысқа ие, бәсекеге қабілеттілік деңгейі жоғары, жұмыс берушілердің талаптарына сай келетін және сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды қамтамасыз ететінін көрсетеді.

ШҚТУ түлектері: Google LLC, "Яндекс", Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "ҚР Ұлттық ядролық орталығы", KAZ Minerals, Казцинк, "Қазатомөнеркәсіп", "Востокмашзавод", "КЕGOC", "Қазгипроцветмет", "ҚР Ұлттық Банкінің Қазақстан Теңге Сарайы", "Ядролық физика институты" сияқты ірі компанияларда жұмыс істейді.