2025 жылғы шілдеде Астана қаласында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ командасы "3.2.1. Бастау!" жобасының финалында тағы да жеңімпаз атанды.
Бұл жоба еліміздің ең белсенді жоғары оқу орындарын біріктіріп, жастарды нақты экологиялық әрекеттерге шабыттандырады.
Маусым бойы Қазақстанның 14 университетінің студенттері пластик қалдықтарын жинап, қайта өңдеуге жіберіп, экологиялық жауапкершілік ең алдымен жеке үлгіден басталатынын дәлелдеді.
"3.2.1. Бастау!" экожобасы CCI Kazakhstan компаниясының бастамасымен және қолдауымен жүзеге асырылуда.
Жобаның 9-маусымының финалистерін марапаттау рәсімі IX Еуразиялық "Green Energy & Waste Recycling" бизнес-форумының панельдік сессиясында өтті. Форумды Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен KazWaste қалдықтарды басқару қауымдастығы ұйымдастырды.
Форум аясында "Жастар бірге - қалдықтар бөлек" атты пластик жинау жөніндегі Қазақстан жастары мен ЖОО-ларының II форумы да өтті.
Жоба қорғау барысында ШҚТУ командасы тамаша нәтиже көрсетті: тың идеялар, жүйелі тәсіл, белсенділік және ерекше шешімдер қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.
Куратордың үздік жұмысы үшін берілген 500 000 теңге көлеміндегі сертификат (жобадағы жоғары оқу орындары арасында 1-орын) - команда мен университет еңбегінің лайықты мойындалуы!
Сонымен қатар, жобаны таныстыру аяқталғаннан кейін қазылар алқасы "3.2.1. Quest" экологиялық байқауында 1-орын алған ШҚТУ "Клевер" командасына марапат табыс етті.
Айта кетейік, жеңімпаздар ретінде "Клевер" командасы мен ШҚТУ кураторлары Ольга Петрова және Екатерина Строкова Астанадағы CCI Kazakhstan сусындар зауытына экскурсия жасады.
Бұл жетістік еліміздегі өзге университеттер мен жастарды жаңа экологиялық жетістіктерге шабыттандырсын! Алда әлі талай игі істер мен жеңістер күтіп тұр!