Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау орталығы ұйымдастырылды. ШҚТУ қызметкерлері мен студенттері, сондай-ақ мүдделі азаматтар 500 келіден астам гигиеналық құралдарды, азық-түлік пен әртүрлі қажетті заттарды жинады.
Сондай-ақ, университеттің 1000-нан астам қызметкері мен профессорлық-оқытушылық құрамы Қазақстанның бірқатар өңірлеріндегі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету және су тасқынының зардаптарын жою үшін арнайы қорға бір күндік еңбекақыларын аударды.
Бүгін ШҚТУ ерікті студенттері мен қызметкерлері облыстық көмек орталығына 500 келіден астам гуманитарлық көмек алып келді.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ басшылығы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсеткен қызметкерлер мен студенттерге алғысын білдіреді.