Бүгін Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде әз-наурыз мейрамы аталып өтілді.

ШҚТУ қабырғасында әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдері оқиды, сабақ береді, жұмыс істейді, сондықтан барлық ұлттарға құрметпен қарап, бірлік белгісі ретінде мереке ұйымдастырылды. Университет мектептерінің оқытушылары мен кафедра басшылары студенттермен бірге Қазақстан, Грузия, Әзірбайжан, Үндістан, Қырғызстан, Өзбекстан сынды бес елдің мерекелеу стилін көрсеттіп, ерекше атмосфера құрды.

Бес мемлекет өкілдері дастархан жайып, ұлттық тағамдардан дәм татқызды. Әр ұлтқа сай оюлармен безендірілген киім-кешектер киіп, ұлттық билерімен қонақтарды қарсы алды. Арнайы комиссия дайындықтарын тексеріп, өз бағаларын берді. Конкурс қорытындысы бойынша, Үнді мемлекетін ұсынған негізгі инженерлік дайындық факультеті, әскери кафедра және IT колледж бірінші орынды иеленді. Себебі, Наурыз меркесін тойлау тарихын терең зерттеп, жиналған қауымға мазмұнды ақпарат берді. Өзге мемелкеттердің салт-дәстүрлерін паш еткен мектептер де номинациялар бойынша марапатталды.

Спорт десе ішкен асын жерге қоятын спортсүйер қауымға арнайы ойындар ұйымдастырылды. Тілек білдірушілер армреслинг, гир көтеру, асық ату, қанат тарту, дартс сияқты спорт түрлерінде өз бақтарын сынап көрді.

Cтудентер, оқытушылар мен қызметкерлер унвиерситеттің шығармашылық топтары дайындаған мерекелік концертті тамашалап, «Жастар» асханасының аспаздары дайындаған палаудан дәм татты.

Құрметті сайт оқырмандары! Барлықтарыңызды Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!