Сыбайлас жемқорлық - Қазақстанның тұрақтылығына, өркендеуіне және қарқынды дамуына қауіп төндіретін жүйелі қатер.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңнамаға сәйкес, барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар осы «қоғам дертімен» өз құзыреті шегінде күресуге міндетті.
Жаңа жыл қарсаңында біздің университет инженерлік білім беру көшбасшыларының жаңа сапалық деңгейіне көтерілді.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының арасында бірінші болып ISO 37001:2016 халықаралық стандартына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі енгізілді.
ЖОО сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің ISO 37001:2016 талаптарына сәйкес халықаралық сертификаттаудан сәтті өтті.
Бұл стандартты енгізу университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа адалдығын көрсетеді және академиялық адалдықты, ғылыми этиканы қамтамасыз ету, күнделікті сыбайлас жемқорлықпен күресу және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру бойынша бірыңғай халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етеді.
Сертификаттың әрекет ету мерзімі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласында білім беру қызметтерін көрсету, ғылыми зерттеулер мен ғылыми-өндірістік қызметті жүргізу, біліктілікті арттыру бағдарламаларын іске асыру сынды барлық қызмет түрлеріне қолданылады.
Бүкіл университет қауымдастығы, Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкіл С.Ж.Рахметуллина басқаратын университет қызметкерлерінен құралған комплаенс қызметі осы бағыттағы мақсат-міндеттерді сәтті орындайды.
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқару жүйесі- біздің елімізде инженерлік кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз етудегі басты құралы.