Бүгін Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да ЖОО басшылығының Қазақстандағы ERASMUS+ Ұлттық кеңсесінің (ТЭН) үйлестірушісі Лаура Палуановамен кездесуі өтті. Кездесу барысында ШҚТУ мен ERASMUS+ арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды, сондай-ақ ЖОО жүзеге асыратын өзекті жобалар ұсынылды.

Кездесуге Басқарма Төрағасы - Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Рахметуллина Сәуле Жадыгерқызы, Басқарма мүшесі - ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Қоңырбаева Жадыра Түсіпқанқызы, Басқарма мүшесі - Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Сұлтан Ертай қатысты.

Кездесу аясында Бизнес мектебінің деканы Закимова Альфия Манарбековна ұсынған mietc қолданыстағы жобасының презентациясы өтті. Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дағы ERASMUS+ жобасының үйлестірушісі Самамбаева Айжан және білім беру технологияларының сапасы мен дамуын бағалау орталығының аға ғылыми қызметкері Юсубалиева Мадина Файзуллиновна CirculEC жобасының презентациясын өткізді.

Өз кезегінде Лаура Палуанова қатысу алгоритмі және әр бағыт бойынша талаптар туралы айтып, барлық сұрақтарға жауап берді. Іс сапар барысында ERASMUS + Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі мен профессор-оқытушылар құрамының кездесуі жоспарланған.

Сонымен қатар, қонақтар үшін ШҚТУ бойынша экскурсия ұйымдастырылды, ЖОО-ның ғылыми зертханалары мен өндірістік учаскелері мен мұражайы көрсетілді. Қазақстандағы ERASMUS + Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісімен кездесу халықаралық ынтымақтастық пен ЖОО жобаларын дамытудың жаңа перспективаларын аша отырып, ШҚТУ үшін маңызды оқиғалардың бірі болды.