Бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға Дүниежүзілік Банк сарапшысы Алекс Ашер және Дүниежүзілік Банктің білім беру жөніндегі кеңесшісі Полина Завалина келді.

Кездесуге ШҚО кәсіпорындарының, "Атамекен" ҚР ҰКП өкілдері, сондай-ақ шетелдік серіктес ЖОО - Бранденбург техникалық университеті (Германия), Линкольн университеті (Ұлыбритания) қатысты.

Негізгі мақсат - Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында академиялық артықшылық орталығын құру шеңберінде зертханалар ашу және оларды жаңғырту.

Университет бірнеше жыл академиялық шеберлік орталығын дайындау үстінде. Академиялық артықшылық орталығын құрудағы мақсат - университет қызметін ШҚО Даму бағдарламасымен тау-кен-металлургия саласы бағыты бойынша интеграциялау. Тау-кен металлургия саласы әлемдегі экономика мамандануының дәстүрі мықты, инерциясы алып негізгі салаларының біріне айналды. Саладағы жаһандық бәсекелестіктің өсуі жасыл өндіріске, құрылғылардың өзгеруіне және технологиялық процестердің сапасына байланысты жаңашылдықтарды енгізуге түрткі болып отыр.

Қонақтар ШҚТУ материалдық-техникалық базасымен: "Smart engineering" ҚО, тау жыныстары мен процестер физикасы зертханасы, энергетика және технологиялар трансферті ҚО, Физика Орталығы, автоматтандыру және мехатроника саласындағы ҚО және технологиялар трансферті, ақпараттық технологиялар саласындағы технологиялар ҚО және трансферті, Дата Орталығы, химия зертханасы, экология және тіршілік қауіпсіздігі саласында ҚО және"VERITAS" артықшылық орталығымен танысты. Сондай-ақ, Дүниежүзілік банк делегациясы жұмыс тобымен, облыс кәсіпорындарының өкілдерімен кездесті.

Айта кетейік, өнеркәсіптік кәсіпорындар, кәсіпкерлер палатасы және шетелдік серіктес ЖОО-лар ШҚТУ-мен Академиялық артықшылық орталығын дамыту үшін тығыз байланыс орантқан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ШҚТУ базасында тау-кен металлургия саласы бойынша академиялық артықшылық орталығы құрылуда.