Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ өкілдері онлайн режимде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің ел жоғары оқу орындарымен кездесуіне қатысты.

Іс шараның басталуында "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КЕАҚ Басқарма Төрағасы – ректоры Сыан Сыдықов және ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев сөз сөйледі.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ атынан Басқарма мүшесі - жоспарлау-экономикалық қызмет проректоры Бейсембаева Ғалия Мұстапайқызы онлайн режимде қатысты.

Сондай-ақ, кездесуге "Қазстандарт" РМК бас директоры Г. Мұхамбетов, "ҰКО" РМК Бас директорының орынбасары Е. Қарасаев, " НаЦЭкС" АҚ президенті Д. Суентаев, "Атамекен" ҚР ҰКП сарапшысы Р.Молдашев, Техника ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Стандарттау, сертификаттау және метрология" кафедрасының меңгерушісі Б. Байхожаева,, "Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" КЕАҚ "Стандарттау, метрология және сертификаттау" кафедрасының меңгерушісі. С.Сейфуллина С.Алдабергенова, "Алматы технологиялық университеті" АҚ кафедра меңгерушісі Р.Уажанова қатысты.

Соңында ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология Комитеті мен ҚР жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы Декларацияға қол қойылды.