Құрметті Батырқан Сейілқанұлы!

Сізді 60 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіз он жыл бойы ШҚТУ-дың Әскери кафедрасында қызмет етіп, жас ұрпақты оқыту мен патриоттық тәрбиелеуге зор үлес қосып келесіз. Жоғары кәсібилігіңіз, жауапкершілігіңіз бен өз ісіңізге деген адалдығыңыз студенттер мен әріптестеріңіздің үлкен құрметіне ие.

Осы айтулы күні Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, жұмысыңызға табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз. Жас мамандарды даярлаудағы абыройлы еңбегіңіз елімізге пайдасын тигізе берсін!

Ізгі ниетпен,
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы