Бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да философия ғылымдарының кандидаты, университет профессоры, университет ардагері Столярова Лилия Викторовнаның мерейтойымен құттықтау іс-шарасы өтті.
Лилия Викторовна - өз ісіне берілген кәсіпқойдың нағыз үлгісі, оның білім беру саласындағы жалпы өтілі 55 жылдан асады. Өзінің кәсіби қызметі жолында еліміз үшін инженерлік кадрларды сапалы даярлау тұрғысында Қазақстанның жоғары білімін дамытуға баға жетпес және орасан зор үлесін қосты. Білім беру саласында қазақстандық жас мамандардың үйлесімді және жан-жақты дамуы, олардың азаматтық ұстанымы мен бірегейлігін қалыптастыру мәселелеріне үлкен мән берді, сондай-ақ ол 150-ден астам ғылыми және әдістемелік жұмыстардың авторы болып табылады. Белсенді кәсібилігі мен қоғамдық қызметі үшін Лилия Викторовна облыстық және қалалық әкімдіктердің үкіметтік наградаларымен, медальдарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Бірлескен жұмыс жылдары туралы естеліктерімен оның әріптестері бөлісіп, өткенге саяхат жасады. ШҚТУ қызметкерлерінен басқа оны қалалық әкімдіктің өкілдері, Достық үйінің басшылығы, университет ардагерлер кеңесінің өкілдері құттықтауға келді.
Лилия Викторовна! Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы оқу орынына қосқан сүбелі еңбегіңіз үшін зор алғысын білдіреді! Сіздің өмірлік ұстанымыңыз, кәсіби, ғылыми және қоғамдық қызметіңіз біздің университетіміз бен еліміздің ғалымдарының тағы бір ұрпағына үлгі болады! Сізге ұзақ өмір, денсаулық және бақыт тілейміз!