14 қараша 2023 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде "Жасыл университеттер. Елдердің ынтымақтастығы" халықаралық конференция өтті.

ШҚТУ жасыл бастамаларды белсенді түрде жүзеге асырады және қолдайды. Біздің университет басқа университеттермен тәжірибесімен бөлісу үшін осы шараға қатысуға шақырылды. Тыңдаушыларға «ШҚТУ. GREEN CAMPUS - GREEN UNIVERSITY, ШҚТУнің жасыл стратегияға жол» тақырып бойынша баяндаманы техника ғылымдарының кандидаты, Жер туралы ғылымдар мектебінің аға оқытушысы, университеттің жасыл рейтингтерін толтыруға жауапты тұлға Петрова Ольга Анатольевна ұсынды.

Конференция спикерлерінің арасында Green Metric рейтингі бойынша Қазақстанда жетекші орындарға иеленетін қазақстандық университеттерінің өкілдері болды. Беларусь, Ресей және Өзбекстан университеттері, Алыс шетел университеттерінің өкілдері және Green Metric университеттерінің халықаралық жасыл рейтингі командасының өкілдері де қатысты.

Барлық университеттер өздерінің жасыл бастамаларын ұсынып, оларды жүзеге асыруда тәжірибе алмасты, қызықты идеялармен бөлісті.

Конференцияда Ресейдегі "жасыл" университеттердің рейтингі мен білім беру ұйымдарын ерікті сертификаттау жүйесінің тұсаукесері өтті. "Жасыл" университеттердің халықаралық қауымдастығын құру ұсынылды.