«EdCrunch X - барлығына бірдей дәрежедегі қолжетімділік» іс-шарасы ағымдағы жылы жасанды интеллект пен онлайн оқытудың дамуымен әркім білімге тең қол жеткізе алатын әлемді ұсынды.
Конференцияға онлайн режимінде 30 мыңнан астам адам қосылды. Оның қатарында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-нің оқытушылық педагогикалық құрамы бар.
Спикерлер құрамы - Дубай, Финляндия, Оңтүстік Корея, Түркия, АҚШ, Сингапур, Эстония, Таиланд, Мексика, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, АҚШ және Ұлыбританиядан келген университет басшылары, білім беру платформаларының, онлайн-университеттердің, инновациялық мектептердің өкілдері.
Конференция аясында Білім берудегі цифрлық технологиялар, когнитивтік ғылым, жасанды интеллект және неврология саласындағы заманауи жетістіктерге, сондай-ақ үйде оқыту әдістері мен онлайн-магистратураларды іске қосуға арналған 150 сараптамалық сессиялар, панельдік пікірталастар мен шеберлік сағаттарын өткізді.
"EdCrunch" - 2014 жылдан бері өткізіліп келе жатқан білім берудегі ең ірі жаңа технологиялар конференциясы. Он жыл ішінде конференция Ақпараттық технологиялар мамандарын, әзірлеушілерді, мұғалімдерді, ата-аналарды, компанияларды және EDTECH стартаптарын біріктірді.