8 сәуірде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында ауданның 10-11 сынып оқушыларына арналған «KursAnt Fest: үздік ЖОО көрмесі» өтті. Аталған шараға Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті де қатысты.

Іс-шараны KursAnt School білім беру платформасы мен Қарасай аудандық білім бөлімі бірлесіп ұйымдастырды. Көрмеге Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Р.Т. Емелбаев, ауданның атқарушы билік өкілдері, сондай-ақ еліміздің 33 жоғары оқу орнының өкілдері қатысты.

Ауқымды көрмеге 3500-ге жуық мектеп оқушысы келіп, «Серпін» бағдарламасы, ШҚТУ-дың білім беру мүмкіндіктері мен оқу бағдарламалары туралы жан-жақты ақпарат алды. Сондай-ақ университет түлектеріне жұмыс ұсынатын серіктес кәсіпорындар мен өндіріс орындары жайлы да кең мәлімет берілді.

Бұл шара – жас түлектердің кәсіби бағдарын айқындап, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға мүмкіндік беретін маңызды алаң болды.