2026 жылғы 4 наурызда Академиялық адалдық лигасы қатысушыларының Жалпы жиналысының дауыс беру нәтижесі бойынша Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті ұйымға «Өтініш беруші» мәртебесінде қабылданды.
«Өтініш беруші» мәртебесі университеттің Лигаға институционалдық қосылу процесін бастайтынын және білім беру, ғылыми және басқару қызметінде академиялық адалдық қағидаттарын енгізуге әрі дамытуға дайын екенін білдіреді. Осы кезең аясында ШҚТУ академиялық адалдықты қамтамасыз етудің ішкі тетіктерін жетілдіру, ашықтық, жауапкершілік және әділдік қағидаттарын сақтау, академиялық құқықбұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ білім беру мен ғылыми қызмет нәтижелеріне деген сенімді арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізетін болады.
Академиялық адалдық лигасына қосылу университеттің келесі міндеттемелерін растайды:
- академиялық адалдықтың жоғары стандарттарын сақтау;
- білім алушылар мен оқытушылар арасында академиялық адалдық мәдениеті мен этикалық нормаларды дамыту;
- білім мен ғылым сапасын арттыру мақсатында Лиганың басқа мүшелерімен ынтымақтастықты нығайту.