«Жазғы инженерлік мектептің» екінші маусымы аяқталуға жақын. Мектеп оқушылары екі апта бойы нақты ғылымдармен танысып, күннің бірінші жартысында логика, математика және бағдарламалауды үйренді. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы оқытудың ерекше тәсілін – жобалық қызметті таңдады. Қазір балалар өз жобаларын әзірлеуде.
Сонымен қатар, жазғы инженерлік мектеп қатысушылары университетпен танысып, серіктес кәсіпорын -"ҮМЗ"АҚ –на барды. Олар үшін зауыт мұражайында экскурсия ұйымдастырылды.
Алда қатысушылар жобаларын қорғап, алған білімдерін сабақта, өмірде қолданатын болады. Айта кету керек, жобаны нақты ғылымдарға деген сүйіспеншілікті ояту және студенттерді ШҚТУ техникалық білім беру бағдарламаларымен таныстыру мақсатында негізгі инженерлік дайындық факультеті жүзеге асырып жатыр.