Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың "I өндірістік сектордың консорциумдары: құзыреттілік орталықтары" гранттық бағдарламасы бойынша конкурста жеңіске жетті. Біздің университет Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және Дүниежүзілік банктің "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы шеңберінде мемлекеттік деңгейде қолдау алды.
Енді біздің университет қызметкерлері мен ғалымдарының командасы "Rating" ЖШС-мен серіктестікте тау-кен металлургия саласы үшін жасанды интеллект жүйелерін әзірлейтін болады. Бұл жоба ТМК секторы компанияларының негізгі (барлау, өндіру, байыту, металлургия) және қосалқы (энергетика, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, экология және т.б.) процестері үшін жасанды интеллектті пайдалана отырып, кешенді бағдарламалық-аппараттық шешімдерді енгізумен айналысатын "Industrial AI" құзыреттілік орталығын құруды көздейді. Оны ШҚТУ Ақпараттық технологиялар саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығының басшысы Четтыкбаев Руслан Қайратұлы басқарады. Оның тәжірибесі бұл жобада өте пайдалы болатынына сенімдімін.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ өз қызметкерлерімен және олардың жетістіктерімен мақтанады, біз "Industrial AI" құзыреттілік орталығын құру өңір өнеркәсібінде инновациялық технологияларды дамыту және енгізу жолындағы маңызды қадам болатынына сенімдіміз. Жасанды интеллектті дамыту және жаңа технологияларды әзірлеу арқылы өнеркәсіптің жүйелі салалық міндеттерін шешу экономикалық және ғылыми салаларда өз септігін тигізеді.