Биыл Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ «3.2.1 Старт!» республикалық жобасының серіктесі болып табылады.

Бұл жобанының бастамашысы Coca-Cola Icecek Қазақстан компаниясы (Кока-Кола Алматы Боттлерс) болды. Жобаның операторы: "Жасыл" экономика және G-Global дамыту Коалициясы" - жобаны Қазақстан аумағында жүзеге асырады.

Жоба жастардың пластикті жинау және дұрыс сұрыптау бастамаларын қолдауға бағытталған.

"Өз үлесіңді қос!" - Coca-Cola Icecek Қазақстан компаниясының бизнесті жүргізу философиясына толық сәйкес келетін, 30 жыл бойы елдің дамуына белсенді үлес қосып келе жатқан жобаның ұраны осылай естіледі.

Жобаның мақсаты: Қазақстан жастары арасында пластик жинауды және оны қайта өңдеуді дамыту және танымал ету, сондай-ақ тұрақты дамудың жаһандық мақсаттарына қол жеткізу.

Жобаның міндеттеріне мыналар кіреді:

  • жастардың экологиялық ойлауын ояту, осыған байланысты оларға қалдықтарды, әсіресе пластикті дұрыс жинау және сұрыптау дағдыларын үйрету;
  • жоғары оқу орындары арасында пластик жинау және қайта өңдеу бойынша республикалық конкурс өткізу.

Жеңімпаз ЖОО жобаны ұйымдастырушылардан пластиктен жасалған бұйымдарды өндіруге арналған жабдықтар желісін алады.

Жобаның кураторы-экология және БЖЗ саласындағы құзыреттер орталығының аға ғылыми қызметкері Петрова Ольга:

Шығыс Қазақстан техникалық университеті жобасының кураторы Петрова Ольга (Экология және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі бойынша құзыреттілік орталығының аға ғылыми қызметкері) болып табылады:

Жоба туралы және оған ШҚТУ қатысу туралы толығырақ жобаның интернеттегі парағынан білуге болады: https://321start.kz/