Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Рахметуллина Сәуле Жадыгерқызы Алматыда «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС директоры Тарасов Максим Викторовичпен ресми кездесу өтті.
Кездесу аясында зауыт алаңы бойынша экскурсия, дөңгелек үстел және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстандағы көлік индустриясы үшін білікті кадрларды даярлау және инновациялық жобаларды іске асыру бойынша бірлесіп жұмыс істеу жоспарланды.
Astana Motors Manufacturing Kazakhstan - бұл жылына 90 мың бірлік қуаттылыққа жетуді жоспарлап отырған жас, салынып жатқан зауыт. Ұзақ мерзімді жоспарларды сәтті жүзеге асыру үшін зауытқа сенімді серіктестер қажет, бүгінгі таңда олардың бірі ШҚТУ болды. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС-нің өзара ынтымақтастығы елімізде автомобиль саласының одан әрі дамуына өз әсерін тигізетіні сөзсіз!