6 қарашада QS рейтинг агенттігі QS World University Rankings: Asia 2025 нәтижелерін жариялады. Биыл рейтингке 25 елден 984 университет енді, соның ішінде Қазақстаннан 35 оқу орны кірді, бұл еліміздің жоғары білім саласы үшін абсолютті рекорд болып табылады.

QS World University Rankings: Asia 2025 деректері бойынша өткен жылмен салыстырғанда 22 қазақстандық университет өз позицияларын жақсартты, оның ішінде Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ- де бар. Рейтингке қатысушы қазақстандық жоғары оқу орындарының есептелген көрсеткіштерінің орташа мәні рейтингтік әдістеменің әрбір көрсеткішінде едәуір өсті.

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ өзінің көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартып, өткен жылмен салыстырғанда 288-ші орынға көтерілді, ал былтыр біз 301-350 аралығында болғанбыз. Рейтинг нәтижелеріне сүйенсек, ШҚТУ академиялық беделі, жұмыс берушілердің беделі, оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы сияқты көрсеткіштерді айтарлықтай жақсартты, бұл біздің университеттің әлем, оның ішінде Азия қауымдастығы алдындағы жоғары беделін растайды.

Еске салайық, QS агенттігінің рейтингтері әлемдегі ең ықпалды рейтингтер қатарында танылған.

QS Asia University Rankings 2025 әдіснамасында QS World University Rankings-тің негізгі көрсеткіштері сақталып, сондай-ақ осы аймақтың университеттері үшін арнайы іріктелген тиімділік көрсеткіштері ескеріледі. Рейтингті құрастыру үшін QS Asia University Rankings 11 көрсеткішті пайдаланады, олар үздік университеттердің қызметін объективті және толық сипаттайды.

Барлық әріптестерімізді Азия аймағындағы жаңа жетістіктерімен және мойындалуларымен құттықтаймыз! Бірге ауқымды жобаларды жүзеге асырып, Қазақстан экономикасына қомақты үлес қосатынымыз сөзсіз!

Толық ақпарат ресми сайтта берілген:

https://www.topuniversities.com/asia-university-rankings/central-asia