Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Абай облысы, Семей қаласында өткен «Vipusknik.kz – 2026» республикалық білім беру көрмесіне қатысты.

Аталған көрме өңірдегі ең ірі кәсіби бағдар беру алаңдарының біріне айналып, жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялар мен лицейлердің 3000-ға жуық түлектерін қамтыды. Іс-шара түлектерге еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен тікелей танысып, оқуға түсу туралы өзекті ақпарат алып, болашақ білім беру бағытын айқындауға мүмкіндік берді.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ техникалық, инженерлік және IT бағыттары бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие білім беру бағдарламаларын ұсынды. Университет өкілдері ғылыми жобалар, халықаралық ынтымақтастық, академиялық ұтқырлық, қос диплом бағдарламалары, сондай-ақ өндірістік тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берді.

Болашақ талапкерлер университеттің заманауи инфрақұрылымына, зертханаларына және оқу үдерісінің сапасына ерекше қызығушылық танытты. Ашық форматтағы кездесуде түлектер мен олардың ата-аналары оқуға түсу шарттары, білім гранттары және студенттік өмір жайлы жан-жақты кеңес алды.

«Vipusknik.kz – 2026» көрмесіне қатысу университеттің кәсіби бағдар беру жұмысын нығайтуға, Абай облысының білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтуге және білім алуға ынталы, мақсатты түлектерді тартуға мүмкіндік берді.