Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті QS Stars халықаралық бағалау жүйесі бойынша ең жоғары - 5 жұлдызды рейтингке ие болды. Университеттің бұл жетістігін растайтын диплом 2026 жылғы 19 қарашада Астанада өткен QS Eurasia Forum 2026 халықаралық форумында ректор С.Ж. Рахметуллинаға салтанатты түрде табысталды.

Бұл жетістік - университет үшін ғана емес, тұтас Қазақстан өңірінің жоғары білім беру жүйесі үшін де маңызды оқиға. Халықаралық аудит нәтижесінде ШҚТУ білім беру сапасы, білім беру бағдарламалары, инфрақұрылым, түлектердің жұмысқа орналасуы, халықаралық ынтымақтастық, басқару тиімділігі және экологиялық жауапкершілік бағыттары бойынша жоғары көрсеткіштерін растады.

Айрықша атап өтерлігі, университет өзінің нәтижесін жақсартты: 2022 жылы ШҚТУ QS Stars жүйесінде 4 жұлдызға ие болса, бүгінде ең жоғары бес жұлдызды деңгейге көтерілді.

Бұл көрсеткіш университетті Ұлыбританияның Ланкастер университеті, Стерлинг университеті және Ковентри университеті сияқты танымал жоғары оқу орындарымен бір санатқа қосады.

Халықаралық мойындау университеттің бәсекеге қабілеттілігін, мамандар даярлау сапасын және ғылыми-білім беру ортасының тұрақты дамуын айқындайды. Инженерлік кадрларға, технологиялық жаңашылдықтарға және заманауи құзыреттерге сұраныс жоғары өнеркәсіптік өңір үшін бұл жетістіктің мәні ерекше.

QS Stars жүйесіндегі 5 жұлдыз: университет ұжымының, оқытушылардың, зерттеушілердің, қызметкерлер мен студенттердің бірлескен еңбегінің нәтижесі. Бұл - қол жеткізілген жетістіктің мойындалуы ғана емес, сонымен қатар білім сапасын одан әрі арттыруға, халықаралық байланыстарды кеңейтуге және университеттің әлемдік академиялық кеңістіктегі орнын нығайтуға бағытталған жаңа белес.

ШҚТУ қазақстандық техникалық білімнің халықаралық деңгейдегі беделін нығайту жолындағы жұмысын жалғастыруда.