3 қарашада QS (Quacquarelli Symonds) рейтингтік агенттігі QS World University Rankings: Asia 2027 рейтингінің нәтижелерін жариялады.
Қазақстан Орталық Азия елдері арасында рейтингтегі көшбасшылық орнын сақтап отыр: Қазақстанның үш университеті Азиядағы бірінші 100 жоғары оқу орнының қатарына енді. Жалпы рейтингке еліміздің 51 университеті енгізілді, оның ішінде жеті жоғары оқу орны рейтингке алғаш рет қатысып отыр. Қазақстандық жоғары оқу орындарының орташа нәтижелері 11 индикатордың жетеуі бойынша Азиядағы орташа көрсеткіштерден жоғары. Олардың күшті тұстарының қатарында оқытушылар санының студенттер санына арақатынасы және академиялық ұтқырлық көрсеткіштері бар.
Рейтинг қорытындысы бойынша Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті қатысушылардың 82%-ын басып озып, Азияуниверситеттеріарасында 312-орынға ие болды. Университеттің жалпы бағасы 40,3 балдан 43,2 балғадейін өсті.
ШҚТУ бірқатар көрсеткіштер бойынша оң динамика көрсетті:
- Жұмысберушілерарасындағыбедел (Employer Reputation) — бағасы 54,2 балдан 64,5 балға дейін өсіп, университеттің орны 195-тен 169-орынға көтерілді. Бұл көрсеткіш QS сауалнамасына қатысатын жұмыс берушілердің университетті мойындауын көрсетеді.
- Шетелдікоқытушылардыңүлесі (International Faculty Ratio) — бағасы 51,0 балдан 91,2 балға дейін артты. Университет осы көрсеткіш бойынша 69 сатыға көтеріліп, Азияда 102-орынға ие болды.
- Шетелгешығатынстуденттердіңакадемиялықұтқырлығы (Outbound Exchange Students) — бағасы 30,7 балдан 68,1 балға дейін өсті. ШҚТУ 103 сатыға көтеріліп, 260-орынға ие болды. Бұл нәтиже студенттердің халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысуының кеңейгенін көрсетеді.
- Шетелдікстуденттердіңүлесі (International Student Ratio) — бағасы 19,4 балдан 35,6 балға дейін артып, университеттің орны 390-нан 336-орынға көтерілді.
Оқытушыларменстуденттерсаныныңарақатынасы (Faculty Student Ratio) ШҚТУ-дың мықты тұстарының бірі болып қала береді. Осы көрсеткіш бойынша университет 88,2 балл жинап, Азияда 143-орынға ие болды.
Рейтинг нәтижелері ШҚТУ-дың жұмыс берушілер арасындағы беделінің нығайып, халықаралық білім беру ортасының дамып келе жатқанын көрсетеді. Университет академиялық ынтымақтастықты кеңейтуді, студенттердің ұтқырлығына мүмкіндіктер жасауды және ғылыми әлеуетін дамытуды жалғастыруда.
ШҚТУ ұжымын, студенттері мен серіктестерін қол жеткізген нәтижелерімен құттықтаймыз!