Бүгін Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ қабырғасында Caterpillar Foundation қорының Президенті Аша Веркиз қонақта болды.

Кездесе барысында Аша ханым университеттің басты жобаларымен танысып, келешектегі ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді.

Қонақтар үшін университет бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Делегация "Үлкен Алтай" зертханаларына, ғылыми-өндірістік учаскелеріне және мұражайына барып, "Angar" студенттік клубымен және Enactus командасымен кездесті.

Сонымен қатар, Caterpillar әлемдік деңгейде танымал басты үш сегментте: құрылыс, тау-кен өндірісі, энергетика және көлік бойынша өнім ұсынатын компания. Қаржылық және соған сабақтас қызметтерді қаржылық өнімдер сегменті арқылы ұсынады.