2024 жылғы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының қорытындысы ретінде ұйымдастырылған экологиялық фестиваль аясында, бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен маңызды іс-шара өтті.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті аталмыш фестивальде «Жасыл университет» номинациясы бойынша үздік деп танылды. Бұл марапат университеттің экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрақты даму қағидаттарын енгізу және студенттердің экологиялық білімін арттыру бағытындағы белсенді қызметінің нәтижесі болды.
ШҚТУ студенттерді экологиялық ойлауға баулу, ғылыми-зерттеу жобаларға тарту, кампусты көгалдандыру және абаттандыру бағытында тұрақты түрде жұмыс атқарып келеді. Университетте экология, климатология және тұрақты даму салалары бойынша заманауи білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, экологиялық инновацияларға бағытталған 28 іргелі және қолданбалы ғылыми жоба, сондай-ақ коммерцияландыруға бағытталған 4 жоба сәтті іске асырылуда.
«Таза Қазақстан» фестивалі елімізде экологиялық саналы қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама ретінде есте қалды. ШҚТУ-дың бұл марапатқа ие болуы — оның «жасыл» технологияларды дамыту мен экологиялық бағыттағы болашақ мамандарды тәрбиелеуге қосқан үлесінің айқын дәлелі.