Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың студенттері жемқорлықпен күресуде өте белсенді.

Ақпан айында Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің тапсырмасы негізінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті одан әрі арттыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мен салық пен кеден заңнамасындағы сұрақтарды білу мақсатында" тақырыбында үздік сұхбат - бейнеролик конкурсын ұйымдастырған болатын. Осы конкурсқа Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың студенттері қатысып жүлделі орын және номинацияларға ие болды:

  • 3 - орын. Дарын Назарханов - IT колледж 2 курс.
  • "За самый креативный интервьюер" Мусихин Данил - IT колледж 2 курс
  • "За лучшее агитационное интервью" Тұрсынғали Мөлдір (21-ЭЛК2), Мауткан Анель (21-ЭЛК-2)
  • "Лучший ведущий" Сағдат Нұсқау (19-ГМК-1)

Жемқорлықпен күресуді қолға алған студенттеріміз болашақта Сыбайлас жемқорлықпен күресуге команда жинақтап, еріктілер клубын ашуды жоспарлауда.