Өскемен қалалық Жұмыспен қамту орталығының өкілдері Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жоғары курс студенттерімен жолықты.
Мамандар «Жастар тәжірибесі», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Қысқа мерзімді кәсіби оқу» бағдарламалары мен курстары туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.
- "Жастар тәжірибесі" - ЖОО түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған. Айына субсидия мөлшері 30 АЕК құрайды.
- "Әлеуметтік жұмыс орындары" - жұмыс беруші Халықты жұмыспен қамту орталығымен жұмыссыз адамдарды тарту үшін уағдаластық құрады. Ұзақтығы 12 ай.
- "Бірінші жұмыс орны" - бірінші рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, тәжірибесі жоқ, 29 жастан аспаған жастарға арналған. Ұзақтығы 24 ай. Субсидия мөлшері 30 АЕК құрайды.
- "Ұрпақтар келісімшарты" - жұмыспен қамту орталығындағы тіркеуге қарамастан, жұмыс іздеп жүрген адамдар. Бұл жоба жұмыс істеп жүрген қызметкерді кейін басқа жұмысқа ауыстыруға мүмкіндік береді. Ұзақтығы 18 ай. Субсидия мөлшері 30 АЕК.
- "Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту" – Оқыту 6 айдан аспайды. 21787 тг стипендия төленеді. Негізгі шарт - мамандық бойынша жұмысқа орналасу.
Барлық сұрақтар бойынша: Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 149/10. 3 кабинет, 9 кабинет (оқыту) мекен-жайына хабарласуға болады.