«EKTU.Otbasy - *Well-being ырыс-береке аймағы» жобасы аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ «Денсаулық және спорт орталығы» мен ҚР Оқу ағарту министрлігінің «Ұлттық дене шынықтыру ғылыми тәжірибелік орталығы» РМҚК ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Орталық пен Денсаулық және спорт орталығының бұл ынтымақтастығы ұзақ мерзімді жоспарларды көздейді. Олар:
- ҚР спорттық студенттік лиганы жетілдіру;
- Еңбек нарығын қанағаттандырарлық, дене шынықтыру және спорт бағыты бойынша қоғамда сұранысқа ие мамандарды даярлау;
- Спорттық ғылымның инновациялық жетістіктерін тәжірибеге енгізу;
- Бұқаралық және жоғары жетістікті спортты ғылыми-әдістемелермен қамту жұмыстарын ұйымдастыру;
- Екі тарап арасында іргелі серіктестік қарым-қатынас құру.
Көздеген мақсатты орындау үшін тараптар бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобаларын әзірлеуді; жоғары білім берудің негізгі Кәсіптік білім беру бағдарламалары, жаттықтырушылар мен ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыру және кәсіптік қайта даярлаудың қосымша кәсіптік бағдарламалары бойынша кадрлар даярлау; білім алушылар үшін кәсіптік, зерттеу практикасы мен тағылымдамаларды ұйымдастыру сияқты бағыттарды жүзеге асыруға ниетті.
Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының бас директоры-Сағдат Кабирұлы пен "Денсаулық және спорт орталығының" басшысы Болатбек Айшабекұлы бұл ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті!