"EKTU.Otbasy - *Well-being" ырыс-береке аймағы» жобасы аясында демалыс күндері университет профессорлық оқытушы құрамы мен қызметкерлерінің қатысуымен «EKTU-дағы қыс қызығы»» қысқы тимбилдингі өтті.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ оқытушылары мен қызметкерлерін сергітіп, күнделікті күйбең тірліктен, есепсіз қағаздардан алыстатып, таза ауада демалуға мүмкіндік беретін көңілді іс-шара. Қысқы тимбилдинг мақсаты - бірыңғай корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және ішкі әлеуметтік байланыстарды нығайту болып табылады. Шара барысында түрлі ойындар, қызықты байқаулар болды.
Қысқы табиғат пен таза ауада демалудың үйлесімі тимбилдингке қатысушыларға күнделікті өмірден үзіліс жасап қана қоймай, ұжымдағы таныстықты нығайтуға өз септігін тигізеді. ШҚТУ - бір команда, бір жанұя екенін сеніммен айта аламыз!