18-20 Желтоқсанда ШҚТУ Quality Austria сертификаттау жөніндегі халықаралық органның аудиторлары Данько Н., Черкова А. және Quality Austria компаниясының шақырылған аудиторы Першикова Е.Ф. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің (ISO 37001:2016) және сапа менеджменті жүйесінің (ISO 9001:2015) жұмыс істеуіне сәйкестігіне біріктірілген менеджмент жүйесінің қадағалау аудитін сәтті өткізді.
Аудит бағдарламасы толық көлемде орындалды. Аудиторлар ШҚТУ БМЖ дамуының дұрыс бағытында жүріп жатқанын, сәйкессіздіктер анықталмағанын атап өтті. Қадағалау аудитінен өту нәтижелері бойынша 2024 жылға арналған менеджменттің интеграцияланған жүйесін жақсарту жоспары бекітілетін болады.
Даму стратегиясы және сапаны қамтамасыз ету басқармасы БМЖ сыртқы аудитіне қатысқан барлық бөлімшелерге тамаша командалық жұмысы үшін үлкен алғысын білдіреді.
Даму стратегиясы және сапаны қамтамасыз ету басқармасы