Әскери кафедрада оқығысы келетін Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ 1-курс (4 жылдық оқумен) және 2-курс (5 жылдық оқумен) сонымен қатар колледж бітіргеннен кейін 2-курсқа қабылданған студенттерге (ұл балалар), 2019 жылдың 12 ақпанынан бастап құжаттарды қабылдау жүргізіледі. Дзержинский көшесі 7/2 мекен жайы бойынша орналасқан әскери кафедраның № 17 бөлмесіне хабарласыңыздар.
Өзімен бірге:
- жеке бас куәлігінің көшірмесі мен түпнұсқасы;
- әскери қызметке жарамдылығы туралы және әскери есепте тұрғандығын растайтын белгісімен тіркеу кітапшасының көшірмесі мен түпнұсқасы;
- үлгі бойынша соттылығы бар немесе жоқтығы туралы анықтама;
- факультет деканымен қол қойылған, студенттің ЖОО-да нақты оқитыны туралы анықтама;
- файл, 3×4 фото 2 дана болу керек.
Әскери кафедра әкімшілігі