2020-2021 оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігі, Қазақстанның Ұлттық студенттік спорт одағы, Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы бастамасымен жоғары оқу орындары арасында волейболдан студенттік спорт лигасы ұйымдастырылды.
Жарыстың негізгі мақсаты-волейболшы студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру, студенттік спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
2022-2023 оқу жылында ҚР ССЛ іріктеу кезеңінде волейболдан 100-ден астам ерлер командасы ниет білдірді.
Аймақтық кезеңдегі жарыс еліміздің алты дивизионында өтті. Әр дивизионнан 2 команда іріктеліп, студенттік спорт лигасының республикалық финалдық кезеңіне жолдама алды.
2022 жылдың қараша айында Павлодар қаласында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ командасы жақсы ойын көрсетіп, Шығыс дивизионында жақсы нәтижеге қол жеткізіп, жарыстың соңғы кезеңіне жолдама алды.
2023 жылғы 28 сәуір мен 5 мамыр аралығында Түркістан қаласында ҚР ССЛ жарыстарының финалдық кезеңі өтті. Аталмыш жарыста ҚР жоғары оқу орындарының үздік 12 командасы бақ сынасты.
8 күн бойы жалғасқан табанды күресте біздің волейболшылар өздерінің жақсы техникалық, тактикалық, физикалық, психологиялық дайындықтарын көрсетіп, құрметті 3 орынға ие болды!
2021-2022 оқу жылында біздің волейболшылар ҚР Студенттік спорт лигасының финалында республиканың үздік ерлер командаларының үштігінде болғанын атап өткіміз келеді!
Бұл керемет нәтиже! Нәтижелі дайындық! Спортшылардың да, олардың жаттықтырушыларының да еңбегі зор!
Құттықтаймыз!