ШҚМТУ «Студенттік әлеуметтік несие» жобасының қатысушысы болып табылады, оған студенттер әлеуметтік пайдалы жұмыс нәтижелері үшін ақшалай сыйақы алуға және академиялық қарыздарды өтеуге мүмкіндік алады.
Күндізгі бөлімде оқитын студенттерге әлеуметтік несиелердің келесі түрлері ұсынылады: 20 сағаттық жұмыс үшін 20 мың теңге несие; 50 сағаттық қызмет үшін 50 мың теңгеге несие. Сонымен қатар, волонтерлік қозғалысқа белсенді қатысатын студенттердің шәкіртақылары 30 пайызға өседі. Студенттер еріктілер ретінде балалар үйінде, қарттар үйінде, білім беру және басқа да әлеуметтік мекемелерде көмек көрсетеді.
Біз университеттің еріктілер қозғалысының дамуына қатысуға және мұқтаж жандарды қолдауға өз еркімен үлестерін қосам дейтін жандарды шақырамыз.
Жобаға қатысу үшін сіз «qazvolunteer.kz» платформасында тіркелуіңіз керек.
Тіркелем деушілерді, жоба туралы қосымша ақпарат алғылары келетіндерді, еліміздің әлеуметтік өміріне бей-жай қарамайтындарды ШҚМТУ-ның бас ғимаратында күтеміз:
Аудитория нөмірі Г-1-204 (таңғы 10:00-ден кешкі 18:00-ге дейін)
Әлеуметтік және азаматтық жұмыс бөлімі.
Өміріңіздің бір сағаты - бұл әлемге, өмірге және адамдарға үлкен әсерін тигізуі мүмкін. Тіпті сіздің ерікті бір сағатыңыз - бұл үлкен үлес қосуыңыз!