Біздің әрбіреуімізде ерікті!
ШҚМТУ "Әлеуметтік студенттік несие" жобасына қатысуды жалғастыруда, оның шеңберінде студенттер ақшалай сыйақы ала алады және қоғамдық-пайдалы жұмыс нәтижелері үшін академиялық кредиттерді қайта есептеуді жүзеге асыра алады.
Күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне келесі әлеуметтік студенттік несие түрлері беріледі: 20 сағат қызметіне 20 мың теңге кредит; 50 сағат қызметіне 50 мың теңге кредит. Студенттер еріктілер ретінде балалар үйлерінде, білім беру және басқа да әлеуметтік және спорттық мекемелерде, қала ұйымдарында көмек көрсете алады.
Біз барлық ниет білдірушілерді университеттің еріктілер қозғалысын дамытуға қатысуға және көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсетуге өз үлесімізді қосуға шақырамыз.
Жобаға қатысу үшін сіз «qazvolunteer.kz» платформасында тіркелуіңіз керек.
Тіркелем деушілерді, жоба бойынша қосымша ақпарат алғылары келетіндерді, еліміздің әлеуметтік өміріне бей-жай қарамайтындарды ШҚМТУ-ның бас ғимаратында күтеміз: Г-1-204 аудиториясы (таңғы 10:00-ден кешкі 18:00-ге дейін) Әлеуметтік және азаматтық даму басқармасы.
Сіздің өміріңіздің бір сағаты - әлемге, өмірге және адамдар үшін өте маңызды. Тіпті сіздің ерікті бір сағатыңыз - үлкен пайда әкеледі!
Әлеуметтік және азаматтық даму басқармасы