ШҚТУ-да волонтерлікті дамыту жалғасуда. "ВМП" студенттік өзін-өзі басқарудың жастары әлеуметтік-тәрбие жұмысы және азаматтық даму басқармасының қызметкерлерімен бірге "Еріктілік - жақсылық аумағы" форум-тренингіне қатысты. Іс-шараны Алтай ауданының Достық үйі ұйымдастырды.

Сондай-ақ форумға Катонқарағайдан келген еріктілер де қатысты.

Іс-шара барысында біздің студенттер басқа аудандардан келген қатысушылармен танысып, тәжірибе және идеялармен алмасып жағымды эмоциялар алды.

Қатысушылар ұйымдастырушыларға қонақжайлылық пен ынтымақтастық үшін Алғыс білдірді.