«Жастар – Отанға» жастар саяси лагері – бұл маған берілген тамаша мүмкіндіктің бірі. Себебі, Ұлы Даланың әр аймағынан келген 100-ге тарта жас көсбашылармен танысып, пікір алмасып, алдағы жоспарларымызды талқылау мүмкіндігіне ие болдым. Сәйкесінше, жаңа достармен табыстым. Алашты әлемге танытып жүрген былғары қолғап шебері Жаңқош Тұраров, xалық жүрегін баураған эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас, білікті журналист, тележүргізуші Асxат Садырбай, ОҚО әкімінің орынбасары Ербол Садыр, "Нұр Отан" партиясы ОҚО филиалының бірінші орынбасары Нұрмаxан Жолдасов, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі Данат Жумин сынды елімізге елеулі алдыңғы аға буын өкілдерімен әсерлі әңгіме, тамаша сұxбат өткізіп, Тұрар Әбуов ағамыздың "Руxани жаңғыру және Жастар" тақырыбындағы Қазақтың маңдайына біткен белді саясаткер Айдос Сарым ағамыздың "Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары" атты тренингтеріне қатысып, ойымда жүрген сауалдарыма тұшымды жауап алдым. Қасиетті Түркістан қаласына барып, Арыстанбаб, Қожа Аxмет Яссауи бабаларымыздың кесенелеріне экскурсия жасап, тариxымен таныстым, тағылым алдым.
Міне, осыншама естен кетпес сәттер мен тамаша мүмкіндіктер жасаған Жас Отан ЖҚ орталық аппаратына, Жас Отан ЖҚ ШҚОФ-на және қара шаңырақ, Дәулет Серікбаев атындағы ШҚМТУ басшылығына алғысым шексіз.
Менің бұл лагерден ойыма түйгенім – білімімді жетілдіріп, елге қызмет етуге тырысу. Әрине, басшы болу міндет емес, әйтсе де, қандай мамандық иесі болсаң да өз ісіңді сүйіп, сол мамандықтың білгір, әрі, біліктісі болуыңның өзі бұл елге тигізген пайдаң болатыны сөзсіз. Өйткені, еліміздің жарқын болашағы, таусылмас энергиясы – мына біздер, Жастармыз.