Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері ҚР Жол активтері сапасы ұлттық орталығының бас директоры Замир Сағыновпен кездесті.
Кездесудің басты мақсаты - орталық пен ЖОО арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ проректоры Жадыра Қонарбаева сабақтардың бір бөлігі жол активтері сапасы Ұлттық орталығының және оның филиалдарының зертханаларында тікелей жүргізілетін дуальды оқыту жүйесін енгізу қажеттілігін айтты.
Замир Сағынов барлық ұсыныстар мен сұрақтар енді бақылауға алатынын жеткізді.
Сонымен қатар, ұлттық орталықтың басшылығы жол мамандықтарына түскісі келетін талапкерлер үшін жағдайды жақсарту бойынша жұмыс жүргізуде. Шектік балдарды төмендету, жеңілдіктер беру сияқты жағдайлар қарастырылған, өйткені салада жалпы кадр тапшылығы байқалады.