ШҚМТУ-2018 бос қызметтік орындар жәрмеңкесі шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктері өкілдерінің университет әкімшілігімен кеңейтілген отырысы өтті.
Университетіміздің ОӘЖ бойынша проректоры Сауле Рахметуллина құттықтау сөзін жеткізді.
Кездесу барысында түлектерді жұмысқа орналастыру, тәжірибеден өткізу және өндірістік іс-тәжірибе ұйымдастыру орнын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Кездесуге өзек болған негізгі тақырыптар: «Дипломмен ауылға!» және «Серпін 2050» мемлекеттік бағдарламалары.
Облыстың жеті әкімшілігінің өкілдері аталмыш бағдарламаларға ризашылығын білдіріп, қолдауларын білдірді.
«Аудандарда осы бағдарламаларды жүзеге асыру үшін барлық қажетті ресурстар бар», - деп атап өтті олар өз кезегінде.