ШҚТУ-да «Конституциялық реформалар – тарихтың жаңа кезеңдері» атты Конституция күніне арналған кездесу өтті. Жиынға Өскемен қаласының жетекші кәсіпорындарындағы жас жұмысшылар өкілдері қатысты.

Кездесу барысында референдумда қабылданған конституциялық өзгерістер: саяси жүйені реформалау, сайлау жүйесіндегі негізгі өзгерістер, адам құқығы бойынша уәкіл және ата заңдағы маңызды бөлімдер талқыланды.

Құқықтық, саяси мәдениетті қалыптастыру – еліміздің жастар саясатын жүзеге асырудағы маңызды бағыт. Келелі жол университеттің қызметінде айнадай айқын білінеді.