Студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу үшін алдымен құқықтық мәдениетті қалыптастырып, жастардың құқықтық санасы мен сауаттылығын арттыру қажет.
Осы орайда, ағымдағы жылдың 12 сәуірі күні университетіміздің барлық жатақхана студенттері арасында Өскемен қаласы ІІБ Үлбі полиция бөлімінің өкілдерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында құқық қорғау органының өкілдері аутодеструктивті мінез-құлық, зорлық-зомбылық, әлімжеттік, буллинг және кибербуллинг, алаяқтық, нашақорлық туралы ақпараттар беріп, олардың қауіптілігі жөнінде өмірден мысалдар келтірді және осы әрекеттердің алдын алу бойынша ескертпелер берді. Сондай-ақ, жатақхананың ішкі ережелерін сақтау, өзіңнің және өзгенің өміріне қауіп төндіретін әрекетке итермелейтін мінез-құлықтан сақ болуға шақырды.
Үлбі бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспекторы полиция капитаны З. Жұмаханова өз сөзінде жасөспірім мен жастар арасында кең таралған құқық бұзушылықтар мен әкімшілік жауапкершілік шаралары туралы айтты, сондай-ақ, бүгінгі таңда жастардың көпшілігі өздерінің заңға қарсы әрекеттерінің ауыр немесе түзетуге қиын салдарын түсінбейтінін атап өтті.
№ 2 жатақхана студенттерімен кездесу өткізген Үлбі бөлімінің учаскелік инспекторы полиция аға лейтенанты Е. Қойшыбаев, Үлбі бөлімінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Ж. Сейтенгазин де тың дерекетермен бөлісті.