Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-нің әскери кафедрасында Өскемен қаласы полиция басқармасының Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында студенттер алдында Өскемен қаласы полиция басқармасының Үлбі полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Камзин Талғат Маликович және Өскемен қаласы полиция басқармасының Үлбі полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Әлімбетов Бауыржан Назарұлы сөз сөйледі.
Студенттерге құқық бұзушылықтар және интернет алаяқтықтың алдын алу туралы ақпарат жеткізілді, сондай-ақ телефон және интернет желісіндегі алаяқтықтың негізгі түрлері бойынша деректі фильм көрсетілді. Кездесу қызықты пікірталас форматында өтті.