23 қыркүйекте колледжіміздің 4 курс студенттері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қызметкерлерімен өткен кездесуге қатысты.
Іс-шара Өскемен қаласының «Технология және сервис колледжі» КММ базасында ұйымдастырылып, «Арнайы жасақ» арнайы мақсаттағы бөлімшелеріне жұмысқа орналасу және қызмет өткеру мәселелеріне арналды.
Кездесу барысында студенттерге қызмет өткеру мүмкіндіктері, кандидаттарға қойылатын талаптар, қызметке орналасу тәртібі, сондай-ақ кәсіби және мансаптық даму перспективалары туралы ақпарат берілді.
Студенттер Шекара қызметінің өкілдерімен тікелей сөйлесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, арнайы мақсаттағы бөлімшелердегі қызмет туралы толық ақпарат алды.
Мұндай кездесулер жастарға кәсіби бағыт-бағдарын анықтауға, болашақ қызмет саласын таңдауға және одан әрі даму мүмкіндіктері туралы нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Кездесуді ұйымдастырушыларға және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдеріне мазмұнды әрі пайдалы кездесу үшін алғысымызды білдіреміз!