Бүгін. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «ЖАС ТАЛАП» ғылыми жобалар байқауы жарияланды. Іс-шараның ашылуы онлайн форматта өтті. №10 және №12 мектеп-гимназияларының, №46 ОМ, №38 гимназияларының, №44 ат. Оралхан Бөкей, №11 және №3 мектеп-лицей оқушылары қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, байқауға Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің 11 сынып оқушылары қатыса алады.
Ғылыми-зерттеу қызметі және цифрландыру жөніндегі проректор Наталья Денисова қатысушыларды байқаудың басталуымен құттықтап, ең алдымен жастарды ғылыммен және өнертапқыштықпен айналысуға ынталандыру, сондай-ақ өнертапқыштықтың мамандық ретіндегі маңыздылығын арттыру қажеттігін атап өтті.
Байқау біздің университетіміздің базасында ұйымдастырылып, ШҚТУ келісімшарттық зерттеулер офисімен өткізіледі.
1, 2 және 3 орын алған конкурс жеңімпаздары ЖОО-да тегін оқуға мүмкіндік беретін ректордың білім грантына ие болады.
Байқау 3 кезеңнен тұрады:
- 1 кезең:
- Өтінімдерді қабылдау - 2022 жылғы 30 сәуірге дейін
- Қатысушыларды сайтта тіркеу: www.ektu.kz (Талапкер 2022 -> Мектеп оқушыларына -> Жеке кабинет).
- 2 кезең:
- Жобалар таныстырылымы (ZOOM конференциясы) - 2022 жылғы 10 мамырдан бастап 13 мамырға дейін.
- 3 кезең:
- Қорытындылау және марапаттау (ZOOM конференциясы) - 2022 жылғы 20 мамыр.
Конкурсқа қатысу үшін:
- www.ektu.kz сайтына кіріп, «Талапкер 2022» бөліміне өтуіңіз қажет. «Мектеп оқушыларына» бөлімінде тіркеліңіз. Жеке кабинетте ғылыми жобаның тақырыбын көрсете отырып, Конкурсқа қатысуға өтінім берңіз.
- Өтініш, құжаттар пакетін «Жас талап ғылыми жобалар конкурсы» белгісімен [email protected] электрондық мекенжайға жіберу тиіс.
- Соңғы кезең - өз жобаңызды таныстыру және қорғау (жобалар әр түрлі форматта презентация немесе 5 минутқа дейін бейне түрінде болуы мүмкін).
Қосымша ақпарат және кеңес алу үшін 8 7232-269168 телефонына хабарласыңыз