Біздің университетімізде жаздың екі күні ерекше мереке мен салтанатты атмосфераға толы өтті: бұл күндері түлектерге диплом табыстау рәсімі ұйымдастырылды. Биыл Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті 1044 бакалавр мен 205 магистрді дайындап шығарды, соның ішінде 74 үздік диплом иегерлері. ШҚТУ-дың бес мектебі инженерлік, техникалық және экономикалық мамандықтар бойынша жаңа бағыттағы сұранысқа ие, инновациялық оқу бағдарламасымен мамандар дайындайды.
Жер туралы ғылымдар мектебі университетіміздегі мектептердің ең ірісі, онда геологтар, тау-кен инженерлері, геодезистер, жер кадастры мамандары, орманшылар, экологтар, құтқарушылар және техникалық қауіпсіздік инспекторлары даярланады. Бүгін мұнда тау-кен өнеркәсібі және экологиялық қауіпсіздік саласындағы барлық стандарттар мен талаптарға сай инженерлік кадрлар даярланып шығарылуда.
Бизнес мектебі – жаңа буын экономисттерді, қаржыгерлерді, басқарушыларды және кәсіпкерлерді даярлайтын оқу орны. Бұл жас мамандар ертең ұлттық экономиканы дамытып, табысты компаниялар құрып, инновациялық бизнес-идеяларды енгізіп, стратегиялық шешімдер қабылдайтын болады.
Сандық технологиялар және жасанды интеллект мектебі – мұнда дарынды жастар білім алатын, ақпараттық жүйелер, бағдарламалық және математикалық қамтамасыз ету, медициналық инжиниринг, автоматтандыру, радиотехника және телекоммуникация салаларында заманауи білім беретін оқу орны. Бүгінде олар интеллектуалды шешімдер жасап, цифрлық инновацияларды дамытып, ертеңгі күннің келбетін айқындайтын озық технологияларды енгізуге дайын.
Сәулет, құрылыс және энергетика мектебі заманауи өмірдің іргетасын және инфрақұрылымын жасайтын мамандарды – архитекторларды, жобалаушыларды, құрылысшыларды және энергетика инженерлерін даярлайды. Біздің түлектеріміз үйлер мен көпірлер салып, елімізді жарық пен жылумен және тұрақты болашақпен қамтамасыз етеді.
Халықаралық инженерлік мектебі – жаһанды деңгейде ойлауымен, халықаралық тәжірибесімен және заманауи жобалау стандарттарын меңгерген инженерлерді даярлауға бағытталған. Мұнда студенттер жаңа инновациялық стандарттар бойынша қазіргі заманғы машина жасау, автокөлік жасау, көлік және металлургия салалары бойынша мамандықтар алып шығады.
Біз студенттерімізді жаңа стандарттарға сәйкес, өңірлік немесе Қазақстандық қана емес, үлкен кәсіпорындар мен ұлттық және халықаралық компаниялар, фирмалар, мемлекеттік ұйымдар сияқты серіктестерімізбен бірлесіп жүзеге асырып, дайындауымыз өте маңызды. Диплом табыстау салтанатының құрметті қонақтарының қатарында Kazzinc, Үлбі металлургиялық зауыты, «Allur» автокөлік компаниясы және тағы басқа өкілдер болды.
Біз әрбір түлегімізбен мақтанамыз! ШҚТУ-да алған білімдеріңіз кәсіби өсу мен үлкен жетістіктердің іргетасы болсын! Құрметті түлектер, сіздердің болашақтарыңыз бүгіннен басталады, алдағы өмірлік жолдарыңызда жаңа жетістіктер мен тың жаңалықтар көп болсын!