ШҚО әкімі Ермек Көшербаев президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен кездесті. Айта кетейік, биыл Қазақстан бойынша барлығы 50 адам іріктеліп алынды. Солардың қатарында - университетіміздің түлегі Талапжан Қауашев бар.

Талапжан Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың "Геодезия және картография бакалавры" мамандығының түлегі. Мұнда "Экономика магистрі" мамандығы бойынша оқуын жалғастырды. Президенттік жастар кадр резервіне "Цифрландыру" секторы бойынша кірді.

Қазіргі уақытта облыстың жер қатынастары Басқармасының сәулет және қала құрылысы кадастры бөлімінің басшысы лауазымын атқарады.

Кездесу барысында кездесуге қатысушылар цифрландыру жобаларын дамыту және инвестицияларды тартудың креативті шаралары және т. б. тақырыптар бойынша пікір алмасты.

- Біз облыстық құрылымдарда да, аудандарда да жергілікті атқарушы билік жүйесінде жұмыс істеуге дайынбыз. Менің мақсатым - мемлекеттік органдағы процестерді цифрландыруға лайықты үлес қосу, - деді Талапжан Қауашев.

Айта кетейік, бір аптадан кейін президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерін нақты кеңсе жобасына тарту жоспарлануда. Онда жастар өздерінің перспективалық идеяларын жүзеге асырып, практикалық дағдыларды игере алады.