Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұжымы өз түлегі Дархан Бақытжанұлы Сапановты Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалуымен шын жүректен құттықтайды.

Дархан Сапанов 2007 жылы ШҚТУ-ды «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша инженер біліктілігімен тәмамдаған. Еңбек жолында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және энергетика салаларында қызмет атқарып, кейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінде, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде жауапты лауазымдарды атқарды. 2023 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалуы – оның жоғары кәсібилігінің, мол тәжірибесінің және жауапкершілігінің лайықты бағалануы.

ШҚТУ өз түлектерінің мемлекеттік қызметте, өнеркәсіпте, ғылымда және бизнесте табысты еңбек етіп, еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жүргенін мақтан тұтады. Олардың жетістіктері бүгінгі студенттер үшін жарқын үлгі болып, университетіміздегі сапалы білім мен кәсіби даярлықтың нәтижесін айқын көрсетеді.

Дархан Бақытжанұлына жаңа қызметінде толағай табыс, жауапты шешімдер мен ел игілігі жолындағы жемісті еңбек тілейміз!